Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бойжеткен дәрі ішкенінің кесірінен инсульт алып, сал ауруына шалдығып қалды

Ұлыбританияда әйел инсульт алып, ауруханаға түсті. Оған дәрі ішуі себеп болған. 

Бойжеткен дәрі ішкенінің кесірінен инсульт алып, сал ауруына шалдығып қалды

Ұлыбританияның Кру қаласының тұрғыны үш ай бойы дәрі ішіп жүрді. 8 ақпан күні сөйлеу қабілетінен айырылып қалды. 

"Мен "п" әрпінен басталатын сөз айтайын деп едім, п-п-п деп айта бердім. Сосын бетім әбден қызарып кетіпті. Бір де бір сөз айта алмадым", - дейді ол. 

Бірнеше уақыттан соң 28 жастағы Фокс қайта сөйлеп, анасына өзінің инсульт алғанын айтты. Анасы дереу жедел жәрдемге хабарласады. Ауруханаға жеткекше науқастың қолы мен бетінің бір жақ бөлігі істемей қалды. 

Дәрігерлер инсульттің бір себебі дәрі ішкеннен болғанын айтты. 

"Жүрегім мен қанымнан ешқандай қауіпті нәрсе шыққан жоқ. Отбасымда ешкім инсульт алмаған. Мен үш ай бойы тек дәрі ішкем", - деді науқас. 

Науқастың денсаулығы қалпына  келді. Алайда инсульт салдарынан өзіне деген сенімділігін жоғалтты. Айтуынша, күле бастағанда беті өзгеріп сала береді екен. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр