Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен әйелімен ажырасудан бас тартқан көңілдесін жұбайының көзінше атып тастады

38 жастағы әйел көңілдесін әйелімен ажыраспағаны үшін атып тастады. Бұл сәт видеохабарлама арқылы әйелінің көз алдында өтті.

Оқиға АҚШ-тың Алабама штатында болды. Кеанна оқиғаға дейін өз күйеуімен ажырасып кетті. Ол көңілдесі де әйелімен айырылысады деп ойлаған. Сол себепті ол көңілдесінің басына қару тақап, бұл сәтті видебайланыспен әйеліне көрсетеді.

Қорыққан әйелі видеодан бірнеше скриншот жасап, желідегі парақшасына жүктейді. Көпшіліктен көмек сұрайды.

“Мына Кеанна Каммон деген салдақы маған хабарласып, күйеуімнің басына қару тақап тұрғанын көрсетті. Оның қайда екенін білмеймін. Маған кім көмектесе алады?”, – деп жазды.

Кеанна көңілдесін әйелімен ажырасуға көндіре алмайтынын біліп, оны ішінен жарақаттайды. Полицейлер келгенде ер адам ауыр күйде болды. Оны дереу емханаға жеткізді. Көңілдесі кінәсін мойындады. Алайда кездейсоқ оқ атқанын айтты. Қазір әйел қамауға алдынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау