Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен аш акулалар толы аквариумге құлап кетіп, жем бола жаздады (видео)

Қытайда дүкен қызметшісі сүрініп кетіп, лимонды акулалар толы аквариумның ішіне құлады.

Бойжеткен аш акулалар толы аквариумге құлап кетіп тірі қалды (видео)

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Чжэцзян провинциясының Цзясин қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орын алған. Қызметшілердің жиналысына кешіккен бойжеткен акула толы аквариумның үстіндегі шыны көпірдің бойымен жүгіріп бара жатып, аквариумның қақпағы ашық екенін байқамаған. Осы кезде ол сүрініп кетіп, жыртқыш балықтарды қоректендіру кезінде аквариумға түсіп кетті.

Бұл жағдайды байқаған әріптестері оны құтқаруға асықты. Екі күзетші суға сүңги жөнеліп, бойжеткенді алып шықты. Абырой болғанда, бойжеткен оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.

Сауда орталығы өкілінің мәліметінше, оқиға таңертеңгі уақытта сауда орталығының келушілер үшін ашылуына дейін орын алған. Акулаларды қоректендіру кезінде көпірді үнемі жабатын болған. Алайда бойжеткен жиналысқа асыққандықтан, жолды қысқартпақ болып, көпірдегі қоршаудан өтіп кетіпті.

Лимонды акулалардың ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді. Әдетте олар балықтар, ұлу және құстармен қоректенеді. Алайда адамдарға да қауіп төндіруі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау