Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен әкесіне опасыздық жасаған анасын жөнге сала алмай жүр

Университет қабырғасында білім алып жатқан бойжеткен анасының әкесіне жасап жүрген опасыздығына наразы. Мұнысымен қоймай анасының тапқан-таянғанын құрбысымен сыра ішуге жұмсайтынын айтады.

ssora-s-mamoy1

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Жалпы анам жұмысқа тұрғалы өзгерді. Жұмысында бір апа бар. Өзі ішкіш, күйеуі вахтаға кетсе, әр еркекпен бір жүреді. Сонымен бірге апам да күн аралатып жұмыстан кейін сыра ішіп, кәуап жеуге баратын болды. Жағдайымыздың төмендігін ескермейді. Соңғы бір ай ішінде телефонында әртүрлі ер адамдарға “Жаным, дауысыңды естіп қуанып қалдым ғой” деген секілді хаттар жазысып, түнгі 2-3-ке дейін ер адамдармен сөйлесіп жатады.

Әкемнің жұмысы түнде. Бүгін шашымның ұшталып кеткенін байқап, шаштаразға ақша сұрадым. Айтпағанды айтып ұрысып тастады. Өзім студентпін. Шәкіртақым үйдегі азық-түлік пен әкемнің несиесіне кетеді. Жалпы анам қатты өзгерді. Оны үйде мен ғана білемін. Оның бұл әрекеттерін бей-жай қалдырғаным жөн бе? Әлде әпкелеріме айтсам ба екен? Олар білсе, жағдай ушығып кететін сияқты. Жаңағы айтқан сөздерінен кейін қатты қиналып кеттім. Өзі жаңағы құрбысына кетті. Маған қимаған ақшасына сыра мен кәуап сатып алмақ”, – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек екінші рет тұрмысқа шығуға үгіттеген енесіне риза болып жүр

Ажырасқан келіншек жас жігітке алданып қалғанын айтып жылады

Балалықпен түсік тастаған бойжеткен әрекеті үшін өкініп жүр

4 баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасына ренжіп жүр

Талқылау