Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен: Абыройымды қорлап, қалағанын жасататын жігітімнен шаршадым

Қазақстандық бойжеткен өзімен төсектес болған соң, қалағанын қорқытып жасатып жүрген жігіті туралы айтып берді. Ол көптен ақыл-кеңес сұрап қана қоймай, өзінің тағдырын қайталамауын өтініп сұрады.

cf7bda2cdd85828cadc9497440311dba

Бұл туралы Аягөз Stan.kz порталына жазған хатында жария етті.

«Бала күнімнен ертегілер мен махаббат туралы романдарға қатты құмар болып өстім. Өмірімде бір ғана жігітпен жүруді армандайтын едім. Арманым орындалып мектеп бітірген соң, қиялымдағы сүйіктімді кездестердім. Оның мінез-құлқы, сырт келбеті «Өшпес махаббат» телехикаясындағы Кемалдікіне келеді. Құлай сүйгенімді түсініп тұрған шығарсыздар. Бірақ, іштегі сезімімді көп көрсетпеуге тырысатынмын. Оның үстіне ата-анамның жігітке келгенде тәрбиелері қатты еді. Өзім де ашық-шашық киінбеуге тырысатынмын.

Әлгі жігіт бір күні менен үйіне кіріп, бір зат ала кетуімізді өтінді. Ойымда ешнәрсе жоқ. Араға 5 минут салып пәтердің ішінде маған тиісе бастады. Жылағаныма қарамастан толықтай шешіндіріп, ойына келгенін жасады. Мен қатты жалынып кеттім. Сөзімді тыңдаған жоқ. Қыздығымды алмаса да, зорлап тастағандай болды. Осы оқиға қайталанбасын деген ниетпен онымен бірге жеке қалмауға тырысып жүрдім. Соның өзінде табиғат аясында жүргенімізде тағы да тиісе бастады. Мені толықтай шешіндіріп тастаған сәтінде жанымыздан екі орыс жігіт өтіп бара жатты. Сол кезде жерге кіріп кете жаздадым. Әлі күнге дейін өзімді әлемдегі ең лас адам сезінемін.

Жігітім тәніме әбден тиісіп алған соң, маған деген сый құрметін доғарды. Мені достарыммен араластырмайтын болды. Барлығынан қызғанатын. Бірақ, өзі көрінген қызбен құшақтасып жүре беретін. Осы нәрсе жаныма қатты батқанда, суға батып өлгім келетін. Өлген соң ғана рахатқа бөленетіндей күй кешетінмін. Одан талай мәрте сол бір қызға жақындамауын өтініп сұрадым. Менің сөзімді тыңдамады. Бұрын өзімді жігіттердің арасында ханшайым сезінетін едім. Қазір қарғадаймын. Жігітіме бола оқуымнан да, жұмысымнан да, ата-анамнан да бас тарттым. Бірақ, ол бұл құрбандықтың барлығын ескермеді.

Кеше бұдан былай некесіз жақындаса бергім келмейтінін айттым. Ол мені «Мына түріңмен сен кімге керексің? Не жұмысың жоқ? Үнемі жыламсырап жүресің. Кетсең кете бер! Менімен бірге болғың келсе, айтқаныма көніп, қалаған уақытымда қойнымда жатасың. Оның үстіне сен қыз емессің. Енді саған ешкім қарамайды» деп қорқыта бастады. Шынымды айтсам, не істерімді білмеймін. Расымен де, оған толықтай сеніп барлығынан бір сәтте-ақ бас тарттым. Қазір осы әрекетім үшін өкінемін. Оны өліп-өшіп сүйемін деп айта алмаймын. Жігітіме қадір-қасиетім қалмағаным үшін қатты өкінемін. Қыздар, жігіттеріңе өздеріңді сыйлата біліңдер! Әйтпесе, менің басымдағы жағдай қайталанып жүрер. Ақыл-кеңестеріңіз де ауадай қажет болып жатыр», – дейді Аягөз Жомартқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жаңа өмір бастаған бойжеткен өзіне күн көрсетпеген әкесінің қатыгездігі туралы айтты

Жас келіншек күйеуінің бұрынғы сүйіктісінен құтыла алмай жүргенін айтып жылады

Өзгемен кеткен қызын алып қашқан жігіт махаббат үшін күресуге шақырды

Қазақ жігіті үй шаруасына олақ әйелінен мезі болғанын айтып ашынды

Талқылау