Бойым қысқа әрі толық болдым: Бағым Мұхитденова жастық шағын еске алды

Бағым Мұхитденова жастық шағында сұлулық байқауларына қатысуды армандамапты. Ол арада жылдар өткен соң дәл осындай сұлулық байқауына қазылық етемін деп ойламаған. Бүгінде Баян Алагөзова басқаратын орталық “Қазақ аруы” қыздар бәйгесінің кастингін ұйымдастырып жатыр.

Бойым қысқа әрі толық болдым: Бағым Мұхитденова жастық шағын еске алды

Hit-TV арнасына сұхбат берген Бағым Мұхитденова жастық шағын еске алды, деп жазады Stan.kz.

Айтуынша, әпкесі Баян осындай сұлулық байқауына қатысуды қатты армандаған. Алайда оның да бойының аласалығы көп жерде кедергі еткен.

“Ал менде ешқашан мұндай байқауларға қатысатын ойым да болған емес. Мен әрдайым өз бойымдағы кемшіліктерді беске білетінмін. Мысалы, менің бойым аласа – 156 сантиметр. Оның үстіне мен ес білгелі толықпын. Сондықтан мен бұл туралы тіпті, армандай алмадым. Ал алғашқы сұлулық байқаулары басталғанда шомылу көйлегін киген қыздарды көріп, аузымызды ашатынбыз. Ал мені ондай киіммен елестету тіпті мүмкін емес”, – дейді Бағым Мақсатқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр