Бойды қалай өсіруге болады

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпарттық агенттігі  сіздерге бойды ұзартудың ең кең таралған әдістерін, сондай-ақ бойды өз еркіңмен өсіру мүмкін бе, және солай болса, қалай ұзартуға болады деген мәселеге қатысты пайдалы кеңестер ұсынады.

Бойды қалай ұзартуға болады

Адамның бойына әсер ететін факторлар

Адамның бойына әсер ететін үш негізгі фактор бар.

1.Тұқым қуалаушылық. Бойшаң адамдардың әдетте, балалары да ұзын бойлы болып келеді.

2. Аурулар. Адамның бойының өсуін бүйрек, бауыр, өкпе, эндокриндік жүйе және тағы басқа аурулар баяулататуы мүмкін.

3. Өмір салты. Тиімді үйлестірілген тағам, белсенді өмір салты, жақсы сауығу генетикалық әлеуеттің максималды деңгейде жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Бой 80% -ға тұқым қуалаушылық жолмен және 20 пайыз өмір салты, сондай-ақ сыртқы факторлар арқылы анықталады. Екі жыныстың арасындағы бой айырмашылығы сүйектердің қалыптасуына әсер ететін гендердің біреуінің жоғары белсенділігіне байланысты. Оның жұмысы неғұрлым айқын болса, адамның бойы соғұрлым төмен болады. Бұл ген әйелдердің арасында кеңінен таралған Х-хромосомасында болғандықтан, ол нәзік жыныстағыларда белсенді әрекет етеді. Сондықтан әйелдің бойы әдетте ерлерге қарағанда 10-12 сантиметрге төмен болады.

Көзге қалай ұзын көрінуге болады

Адамдар үнемі кеудені көтеріп жүруді, дене сымбаты жайлы қағиданы ұмытып кетеді. Себебі, өз мүсініңді бақылауда ұстап үйрену биік көрінуді қалайтын адамдар жасауы тиіс әрекет. Еңкек жауырын және төменге салбыраған бас бірден бойды бірнеше сантиметрге дейін төмендетеді. Басты, арқа мен денені қалай дұрыс ұстау керектігін еске сақтап, бөлмеде басыңа кітап қойып жүру өте пайдалы. Жазылған иық пен түзу арқа тек бойыңызды ұзын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге бұлшықеттерден артық күшті алып тастайды, олардың шаршауына жол бермейді. Сонымен қатар, кеудені көтеріп, тік ұстау ішкі ағзалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

Шаш үлгісі. Түктеп таралған шаш немесе көтерілген шаш бойды бірнеше сантимерге болсын ұзын көрсетеді. Бұл төбеге буылған шаш немесе шоқ-шоқ болып жиналған шаш болуы мүмкін. Сондай-ақ, ерлер де шаштарын көтеріп, шаш қытырғышпен қатайту арқылы ұзын көріне алады.

Киім. Кез-келген стилистен киімнің көмегімен бойды ұзын көрсету мүмкін бе деп сұрасаң, киім арқылы бойшақ көрінудің әр түрлі әдістері бар екеніне көз жеткізесің. Соның ішінде тік жолақты, суреті бар киімдер және дененің бойына сай тізбектеліп тігілген түймелері бар, төмен салбырап тұратын шарфтар, ұзын моншақтар, V тәрізді кесілген киімдер бойды ұзын көрсетеді. Денені көлденең сызықтармен немесе түстерге қарай бөліктерге бөлуге болмайды. Сондай-ақ, балағы қысқа шалбарлар мен белі қысқа киімдерді киюге болмайды.

Аяқ-киім. Аяқ киімдерге арналған ұлтарақтар арқылы да бойды ұзын көрсетуге болады. Оларды базардан сатып алсаңыз да немесе қолдан жасасаңыз да болады. Мұндай ұлтарақтар сізді 2-4 сантиметрге ұзын және үлкен көрсетеді. Сондай-ақ, дүкендерде ұлтарағы бар арнайы аяқ-киім де сатылады. Мұның бәрі кейде өте пайдалы және өзіңе сенімділік береді.

Әйелдерге келетін болсақ, олар өзін кербез жасайтын әдістер және бойды ұзын көрсетудің жолдары жайлы жақсы біледі. Оларға биік өкшелі туфли киюдің өзі жеткілікті. Ақ киімнің өкшесі неғұрлым биік болса, соғұрлым жақсы. Бірақ, өте биік өкшелі аяқ киімдер табан мен омыртқаға ауыр күш түсіретінін ұмытпау керек.

Сыртқы келбетке жеткілікті назар аударып, әрқашан арқаны тік ұстап және киімдерді мұқият таңдай отырып, өз бейнеңізге қалаған сымбаттылық бере аласыз.

Бойды өсіруге арналған жаттығулар

Егер сіз сырт қарағанда ғана емес, бойыңызды шынымен де ұзартқыңыз келсе төмендегі кеңестерді мұқият орындаңыз. Осы мақсат бойынша арнайы бағдарлама әзірленді және көптеген адамдар ол жаттығуларды орындап, шынымен де бойын өсіре алды.

Транквиллитати әдісі. Осы әдістің жаттығулары бастапқыда мойын мен омыртқаның әртүрлі бөліктерінен ауырсынуды сезінетін адамдардың жағдайын жеңілдетге арналған болатын. Алайда, транквиллитати әдісі бойынша жаттыққан адамдар тек денсаулықтарын ғана қалыпқа келтіріп қоймай, сондай-ақ бойының ұзарғанын да байқады.

Норбеков әдісі. Бұл жүйеге иықтың түзелуін жақсартатын және омыртқалардың арасындағы шеміршектің өсуіне, сондай-ақ аяқ сүйектерінің өсуін ынталандыратын жаттығулар кіреді. Әдіс авторының сөзінше, осындағы жаттығулардың көмегімен бойды 2-10 см-ге дейін ұзартуға болады.

Лонскийдің жаттығулары. Таңертен 1 сағат және кешке 1 сағат жаттығу жасау арқылы бойды бірнеше сантиметрге дейін өсіруге болады. Сонымен бірге, баскетбол ойнап, бассейнде жаттығу керек.

Берг техникасы. Адамның бойы тек 20 жасқа дейін ғана өседі деген заңдылыққа күмәнмен қарағандардың бірі А. Берг. Ол адам тіпті 30 жаста да бойын өсіре алады деп сендірді. Себебі, әрбір адамда өсу қоры бар және Берг әдісі оларды оятуға арналған. Оған тек алаша мен тренажерлерді қолдану арқылы жасалатын дене шынықтыру жаттығулары ғана емес, сонымен қатар аутотренинг те кіреді. Бұл әдіс бойынша, таңертең ұйқыдан ояннан кейін және ұйқы алдында жаттығу керек.

Евминов әдісі. Бұл әдістің Норбеков техникасымен ұқсастығы бар. Бірақ, Евминовтың жаттығулары арнайы тақтада орындалады. Автордың айтуынша, оның әдісі кез-келген жаста кем дегенде 3-5 см-ге дейін өсуге мүмкіндік береді. Бұл омыртқа бағанасының сүйек-шеміршік жүйесіндегі элементтерді қалпына келтіру мен нығайтуға байланысты болады.

Ауыспалы жаттығулар. Бұл әдістың мағынасына сай, жаттығулар теріс бағытта жасалады. Жаттығуды тұрақты жасасаңыз керемет нәтижеге қол жеткізесіз. Бұл жаттығулар бойды өсіруден басқа омыртқа үшін де өте пайдалы. Олар әртүрлі мәселелерден арылуға көмектеседі. Мысалы, омыртқааралық жарық, қисық дене.

Велосипедпен жаттығу. Велоспортпен серуендеу аяқты ұзартудың ең тиімді әдістерінің бірі. Велосипед айдау кезінде аяқ педальдарға жету үшін орындықты көтеру керек. Мұндай жаттығу үшін қарапайым велосипед жарай береді.

Жүзу. Бойды өсіруге арналған ең жақсы жүзу түру – бұл брасс әдісі бойынша жүзу. Яғни, аяқ пен қолды судан сәл шығарып жүзу. Егер сіз осы стильмен жиі жүзетін болсаңыз, денеңіз тұрақты созылып тұрады. Ал 2 сантиметрге немесе одан да ұзын болу үшін кем дегенде аптасына 3 рет бір сағаттан қарқынды түрде жаттығып тұру керек.

Өсу үшін тұрақты дене жаттығуларынан басқа, дұрыс тамақтану мен ұйқыға көңіл бөлу керек.

Бойды өсіруде тамақтанудың рөлі

Құрылыс материалдары мен энергияның қажет мөлшерінсіз, ағза өсуге арналған ресурстардан айырылып қалады. Сондықтан, егер бойыңызды өсіргіңіз келсе, тамақтану тәртібіне ерекше назар аударыңыз.

Гликемиялық жоғары индексі бар тағамдардың аз мөлшерін қамтитын диетаны қолдану арқылы ағзаның өсу гормонының өндірілуін арттыра аласыз.

Ол үшін ас мәзірінен тазартылған тәттілерді, ұн өнімдерін, өте тәтті жемістерді алып тастаңыз немесе шектеңіз. Диетологтар сондай-ақ, кешкі асқа да назар аударуды ұсынады.

Кешкі аста дастарханда ақуызы көп, бірақ көмірсуы аз, мысалы жұмыртқа, балық, теңіз өнімдері, ірімшік, жазыл аскөк, жаңғақ, дәнді-дақылдар мен бұршақ тұруы тиіс. Азық-түлік қоспаларын күнделікті тұтыну да зиян келтірмейді. Бірақ, оларда міндетті түрде мырыш болуы керек. Бұл шағын элемент өсу гормонын өндіруді жақсы ынталандырады.

Бойды өсірудің түбегейлі тәсілдері

Бойды өсірудің радикалды тәсілдері де бар. Бұл аяқты ұзартуға арналған оталар. Бүгінгі таңда мұндай отаның үш түрі кеңінен қолданылады.

Илизаров әдісі. Илизаровтың аппаратын қолдану арқылы жасалатын ота аяқты 6 сантиметрге немесе мықынды 10 см-ге дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Сүйекті жедел әсерсіз жылдам ұзарту мүмкін болмағандықтан, оның үстіңгі қабаты бөлшектенеді. Әдетте бұл мықынның немесе аяқтың жоғарғы үштен бір бөлігі. Алайда, аяқта екі сүйек болғандықтан, екеуі де бөлінеді. Ұзартудың барлық кезеңінде аяққа Илизаров аппараты орнатылады. Ал оның сомын күніне бірнеше рет қатайтып, бұрап отыру керек. Осылайша, адамның бойы бір тәуліктің ішінде шамамен 1 мм-ге өседі. Бірақ, асқынуларды болдырмау үшін жылдамдықты күшейтпеуге кеңес беріледі.

Блискунов әдісі. Бұл айтарлықтай травматикалық, сондықтан көп қолданылмайды. Бұл жағдайда ота тек мықын сүйегіне ғана жасалады. Мұнда кішкентай тілік арқылы мықынға арнайы дистракционды құрылғы орнатылады. Ал әрбір осындай құрылғыда науқас өзі басқарып отыратын ілгек механизм бар.

Решетниковтың аралас әдісі арқылы аяқ ұзарту. Бойды өсірудің тағы бір әдісін саратовтық хирург А.Н. Решетников ойлап тапты. Ол сүйек тінінің ішіне орнатыратын Илизаров аппараты мен арнайы өзектің көмегімен сүйектерді ұзартты. Оның әдісімен бір айдың ішінде аяқты 3-4 см-ге дейін ұзартуға болады. Содан кейін аппарат алынады, бірақ арнайы өзек сүйек ішінде қалады. Отадан кейін науқас бірнеше аптаның ішінде қалыпқа келеді және көлікті қиындықсыз айдай алатын болады. Ал, сүйекте қалған өзек ота жасалғаннан кейін 1,5-2 жыл өткен соң, сүйектердің фрагменттері толық өскенде ғана бір-ақ жойылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар