Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перзентханадан ұрлап әкеткен қыз 18 жылдан соң ата-анасымен кездесті (фото)

18 жастағы Камиях Моблиді перзентханадан ұрлап әкеткен. Күні кеше ол алғаш рет биологиялық ата-анасымен кездесті. Ол осы уақытқа дейін Оңтүстік Каролина аймағында тұрып келген.

Kamiyah Mobley 18 year old Abducted at birth in the first picture provided by the family of her reunion with Mum Shanara Mobley and father Craig Aiken in Waterboro SC

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Камияхты Флорида перзентханасынан бөтен әйел ұрлап әкеткен. Енді бойжеткен Глория Уильямстың осы әрекетіне қарамастан, оны қорғап сөйледі. Фейсбук парақшасында оның ешқандай да қылмыстық әрекетке бармағанын жазды. Камиях Моблиге асырап алған отбасы Алексис Мэниго есімін берген. Ал оның биологиялық ата-анасының есімдері – Шэнара Мобли, Крэйг Эйкен.

3C1AD8F300000578-0-The_mystery_of_Kamiyah_Mobley_the_baby_who_was_kidnapped_from_a_-m-21_1484328953522

“Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күн болды. Біз сондай бақыттымыз. Құдды әлем жиылып біздің қуанышымызды бөлісіп жатқандай”, – дейді 41 жастағы әке.

3C1AD8F700000578-4118058-Pictured_is_one_of_the_sketches_that_was_released_of_the_suspect-a-85_1484346187014

Камиях өзінің туған ата-анасымен Уолтерборо полиция бөлімшесінде кездескен. Аталған бөлімшеге оны ұрлаған әйелді әкелген-ді. Алайда Шэнара мен Крэйг әйелдің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Бар болғаны қыздарын тани түскісі келетіндіктерін жеткізген. Себебі, олар оны өмір бойы көрмейміз деп қорыққан екен.

3C1B9D5C00000578-4118058-image-a-49_1484367028257

“Біз күліп, әртүрлі тақырыпта әңгіме айттық. Ал перзентханадағы қайғылы оқиға туралы сөз қозғамауға тырыстық. Әрине, ол бізді көп уақыт бойы қабылдай алмай қиналатын болады. Себебі, ол өзін баққан әйелді қатты жақсы көреді. Болашақта оның өмірін тек тәтті естеліктерге толтыруға уәде береміз”, – дейді бойжеткеннің анасы.

3C1BAE5800000578-4118058-image-a-69_1484341142914

Аталған оқиға 1998 жылы болған. Бойжеткен баққан анасын соттаған кезде қатты жылаған. Оны қандай жағдай болмасын жақсы көретінін айтқан. Жаратқаннан анасын босатуды сұрап, дұға тілеген.

3C1CF33000000578-4118058-image-a-34_1484364985062

“Анам маған қажеттінің барлығын берді. Мен ешнәрседен қысылған емеспін. Ол ешқандай да қылмыскер емес”, – дейді ол. Ал Глорияның туысқандары бұл оқиға туралы тіпті білмегендерін айтып жатыр. Көршілері де бұл оқиғадан кейін қатты таңқалған-ды.

3C1D6A3500000578-4118058-image-a-21_1484359800743

Полиция қызметкерлері қуанышты жаңалықты ата-анаға FaceTime арқылы жеткізген. Балаларының табылғанын естігенде олардың төбесі көкке жеткен.

3C1D427900000578-4118058-Kamiyah_Mobley_now_18_was_found_living_in_South_Carolina_on_Frid-m-13_1484358080128

Глория әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа алынған. Әр жексенбі сайын шіркеуге барып, жастарға арналған бағдарламаны жүргізеді екен. Ол Чарлстон ауруханасында да өз еркімен жұмыс істеген.

3C1EF6ED00000578-0-image-a-4_1484402216925

“Олар өте жақсы отбасы болды. Әрине, өзіңіздің отбасыңыз болмаған соң, түрлі жағымсыз пікір айтып жатырсыз. Ол бұны 18 жыл бұрын жасады. Оның үстіне жас болды. Адам баласы пенде болған соң, жастықпен не істемейді? Қайда барсам, осы тақырыпты талдап жатыр”, – дейді Глорияны 15 жылдан бері білетін танысы Рубен Боатригхт.

3C1EF6F600000578-4119978-image-a-11_1484406129773

Ал Глорияның әпкесі ДНҚ анализін жасатуды ұсынды. Бала ұрлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылды.

3C1F152C00000578-0-image-a-3_1484402104928

Крэйг пен Камияхтың әжесі бойжеткеннің әкесіне қатты ұқсайтынын байқаған. “Мен бұдан артық күте алмаймын. Біз онсыз да 18 жыл күттік. Біз жақсылап әңгімелестік. Күлдік. Бір-бірімізді тани бастағандай болдық”, – дейді бойжеткеннің әкесі.

3C24054A00000578-4121158-image-a-51_1484446763455

“Оның көзқарасы әкесінікіне қатты ұқсайды. Мұны ол сөйлеген сайын байқаймын. Ол тезірек келуге уәде етті”, – дейді әжесі. Бүгінде 1998 жылдың 10 маусымында сағат 15:00 шамасында болған оқиғаны барлығы талқылап жатыр. Кезінде ата-анасы оны тапқан адамға 250,000$ көлемінде сыйақы тағайындаған екен. Бұл туралы CNN басылымында жазылған-ды. “Менің қызым қандай тамақ, қандай түс жақсы көреді екен? Ол ақылды ма? Шашы әдемі ме? Кірпіктері дәл менікіндей ұзын ба?”, – дейді Шэнара 2008 жылы басылымдардың біріне берген сұхбатында. Перзентін сағынған ана ендігі мауқын басып жатыр. “Мен үнемі Жаратқаннан дұға тіледім. Оның тірі екенін жүрегіммен сездім. Оның бізді табатынына да күмәнім болмады. Төрт қабырғам теңескендей күй кешіп отырмын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Әйел күйеуінің көңілдесін аяусыз ұрып тастады (видео)

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қазақстанның барлық қоғамдық орындарында тек қазақша музыкалар қою ұсынылды

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Талқылау