“Бостон бүлігі” бойынша істі болған Тәжияқовтың елге оралуы халықтың пікірін екіге жарды

Дүйсенбі, 20 Маусым , 2016 8:43

 АҚШ-тағы  «Бостон теракті» кезінде  айғақтарды жасырып қалды деген айыппен бас бостандығынан айрылып елге оралған Азамат Тәжияқовтың елге оралуы қалың жұрттың пікірін екіге жарды. Бір топ абақтыдан босап шыққан жігіттің ата-анасын құттықт ап жатса, екіншісі  тарап Ақтөбедегі қанды оқиғаны еске алды.

Азамат

«Жақында ғана баршамыз теракт кезінде қаза болған офицер Майлыбаевтың ұлына жанымыз ашыды, енді бүгін АҚШ сотында террорлық шабуылдау кезінде дәлелдерді жасырып қалған жігітті салтанатты түрде күтіп алдық»,-деп жазды Мұрат Әбенов.

Әбеновтің пікірін желіде жүздеген адам қолдады. Ол жұрттың есіне  қазақстандықтар әлі де болса террорлық қауіптің сары деңгейінде отырғанын салып өтті.

«Тажаяқовтың елге оралғанына қуануымыз қаншалықты дұрыс? Қайғылы жағдай АҚШ-та болғаны түсінікті, сонда біздердің елде отырып қуануымыз қаншалықты әділетті?» деген сауал тастады Әбенов.

Есте болса,  Бостондағы теракт дәстүрлі марафон кезінде яғни  2013 жылдың 15 сәуірінде болған еді. Екі жарылыстың салдарынан 3 адам мерт болған еді. Ал 260 адам жараланды. Осы терактіні ұйымдастырушылар ретінде ағалы-інілі Царнаевтар жауапқа тартылған еді. Ал қазақстандық Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаевтар осы оқиға бойынша айғақтарды жасыру ісінде айыпталған еді.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар