Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бостандықты ұнатпаған жолбарыс 600 км жүгіріп қорыққа қайтып келген (видео)

“Бикин” ұлттық қорығының қызметкерлері амурлық жолбарысты еркіндікке жіберген екен. Алайда жыртқыш барған жерін ұнатпай қорыққа қайтып келген.

Бұл туралы life.ru басылымы жазды.

“Амурлық жолбарыс” орталығының мамандары Владик атты жолбарысты бостандыққа жіберген екен. Артынша оны GPS қарғыбаудың көмегімен бақылап отырған. Жаңа мекенге үйрене алмаған жолбарыс қорығына қайтып келген. Ал жаңа мекен мен қорықтың арасы 600 км қашықтықты құраған.

“Владиктің жағдайы жақсы. Ол адамдар мен көліктерден үркімеген екен. Біз көпке дейін Владиктің өмірі туралы айтпай келдік. Бірінші кезекте оның қауіпсіздігіне назар аударуға тырыстық. Саяхат кезінде ол тұяқты жануарларды жеген. Мұнымен қатар, Гималай аюларын айналып өткен екен”, – дейді қызметкерлер.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар иттердің қандай түстерді ажырата алмайтындарын анықтады

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 iPhone X көмегімен ұсыныс жасады (фото)

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

Талқылау