Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босниялық азамат 7 мемлекетті жаяу басып өтіп, қажылығын өтеген

47 жастағы Босния тұрғыны Сенад Хаджич Меккеге барып қажылық парызын өтеу үшін 5,5 километр жерді жаяу жүріп өткен. Ол Сауд Араб еліне жету жолында соғыс жүріп жатқан Сирия мемлекетінің үстінен де өтуге тура келген.

179223-INNERRESIZED600-700-1

Оған Сирия елінен өту рұқсатнамасын алу үшін бір күн бойы шекарада күтуге тура келген.

Қажылыққа жаяу баруды мақсат тұтқан Сенад Хаджич жеті елдің территориясын басып өткендігін айтады: Босния, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Иордания және Сауд Араб әмірлігі.

179225-INNERRESIZED600-700-5

Ол қажылық парызын өтеу ниетімен өз үйінен өткен жылдың желтоқсан айында шығып кеткен. Алғашқы сәттен-ақ, жол қиындықтарына Болгария еліне жеткенде тап болады. Себебі, мұнда ауа-райының салқындығы – минус 35 градусқа жеткен.

«Маған сенсеңіз, бірде-бір күнім жеңіл болмады, қайта әрбір күндерім өте қиын болды. Есесіне ішкі дүниемдегі рухани қуат бойыма күш беріп келді», – деп еске алады қажылық міндетін өтеуші.

179226-INNERRESIZED600-700-4

Хаджич үйінен бар-жоғы 200 евро алып жолға шыққан көрінеді. Ол жолай мешіттерге, демалыс орындарына барып тынықса, тіпті, кейде көшелерге де түнеуіне тура келген.

179227-INNERRESIZED600-700-3

«Қалайша Алла тағаланың менімен бірге екеніне сенбеуім керек, құдіреті күшті Алла тағала мені өзі қорғап, маған жол көрсете білді. Меккеге бару былай тұрсын, осыған дейін Болгария еліне де барып көрген жан емеспін. Қасымда серік болар ешкім де жоқ, әйтсе де жеті елді артқа тастап, 5560 километр жерді қаражатсыз, 20 келі салмақтағы жол сөмкеммен жүріп өттім. Құдайға шүкір, Алла маған Меккенің жолын көрсетті», – дейді жаяу жүргінші босниялық Сенад Хаджич.

179233-INNERRESIZED600-700-2

Талқылау