Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босқындар орталығы қызметкерінің өлтірілуі Швецияны дүр сілкіндірді

Швеция полициясы Гетеборг маңындағы босқындарға арналған орталықтың 22 жастағы қызметкерін өлтірді деген күдікпен 15 жастағы мигрантты тұтқындады.

160126023729_sweden_refugee_centre_624x351_afp_nocredit

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ертеректе, ересектерге арналған орталықта жұмыс істейтін әйелдің де пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмғаны айтылған еді. Швеция премьер-министрі Стефан Левен бұл жағдайды өте ауыр деп бағалап әрі жас босқындар тарапынан болуы мүмкін шабуылдардан қорқатынын жасырмады.

Миграция жөніндегі швед агенттігі, қашқындар арасында соңғы кездері қылмыс пен жайсыз жағдайлар үдеп кеткен.

Өткен жылы бұл елге 150 мыңнан астам мигрант келген болатын. Евроодақ елдері ішінде босқындарды қабылдау жағынан Швеция Германиядан кейінгі екінші орынды еншілеп тұр. Жақында швед билігі сырттан келетін босқындарды тежеу мақсатында шекаралық бақылауды қатаңдату керек деген ұсыныс білдірген еді.

Швециялық БАҚ-тардың хабарлауынша, аталған елдің полициясы өз қатарларына тағы 4 мың қызметкер қосуды сұраған. Мұны тәртіп сақшылары терроризм, миграция мәселесі және босқындарды бақылау салаларының ырыққа бағынбай жатқандығымен түсіндірген.

Талқылау