Босанғаннан кейін күйзеліске ұшыраған келіншек өз-өзіне қол жұмсамақшы болды

Жас босанған әйелдер бақсы мен балгерлерді жағалауда. Себебі көпшілігі жүктіліктен кейін күйзеліске ұшыраған. Бүгінде елімізде 20-30 жас аралығындағы жас аналар психикалық ауруларға жиі шалдығуда. Салдарынан, олар өзінің жанындағы туысқандары мен бауыр еті баласына қауіп төндіруде. Бұл дерттің емі бар ма? Емші мен бақсылар жас аналарға қалай көмек беруде?

Босанғаннан кейін күйзеліске ұшыраған келіншек өз-өзіне қол жұмсамақшы болды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Армангүлдің  жасы 30-да. Екі баланың анасы босанғаннан кейін күйзеліске ұшыраған. Өз-өзіне қол жұмсауға дейін барыпты. Түн үйқысын төрт бөлген сәбиіне деген ыза, жолдасына деген ашуы асқынып кеткен. Тіпті, жанындағы туысқандары одан қорқып, шарасыздықтан емшіге апарып көрсетіпті.

«Кез келген болмашы нәрсеге жынданамын. Бірдеңені дұрыс істей алмай қалсам, күйеуімнің әрбір ісін жақтырмайтын болдым. Тіпті өзім де білмеймін, түсінбеймін. Өзімнің анам жүре берсең, дертке шалдығасың деді. Емші, балгерлерге алып барайын деді. Күйзеліске ұшырағаным соншалықты, күйеуімді көргім келмейтін болды» – дейді қала тұрғыны Армангүл.

Мамандар, еліміздегі қыз-келіншектердің 20 пайызы депрессияға ұшырайтынын  растайды. Ал оның тек 2-3 пайызы ғана емделсе, қалғандары сол күйі психозбен өмір сүреді.  Ал оны дер кезінде емдемесе, бауыр еті баласына деген қауіп орасан зор. Мәселен, Хамит ата мұндай келіншектердің бірнешесіне ем жүргізіпті. Соңғысына тіпті елес көрінген.

«Анасы маған айтты. Қызым ұйықтай алмай қалды дейді. Қызының үйіне бардық. Кім ұйықтатпайтынын сұрасақ, ол: «Үйдің ішінде біреу жүреді. Мен отырамын. Ұйықтап кетсем, төбе шашымды жұлып сүйрейді», – деп жауап береді » – дейді емші Хамит Бегалинов.

Бүгінде жаңа босанған қыз-келіншектердің басым бөлігі психхологтардан гөрі бақсы мен емшілерге көрінгенді жөн санайды. Бірақ,психологтардың пайымынша бұл қате пікір. Себебі мұндай дерттің шипасы халықтың сенім-нанымымен немесе шөп-шалаңмен айықтыру мүмкін емес.

«Емшілер тек дәрі-дәрмек береді. Олар бақсыларға барады. Оның нәтижесі болмайды. Түбінде жатқан ол психологиялық проблема. Қаншалықты зерттеп келгенде отбасының жағдайы. Күйеуінің арасындағы қарым-қатынас. Күйзеліс ауыр жағдайда психозға айналады. 1000 әйелден 1-2 ана ұшырайды. Психикалық  ауру. Жас анада голюцинация болады» – дейді психолог-терапевт Светлана Құдиярова.

Статистикаға көз салсақ, депрессияға 15-25 жастағы жас аналар жиі ұшырайды екен. Себебі бойжеткендерге туысқандары тарапынан қысым көп көрсетіледі. Ал оларға төтеп бере алмайтын жас ана көбіне суицидке немесе баласын өлтіруге дейін барады.

«Тағы бір себептері өз-өзіне қол жұмсайды. Немесе баласымен бірге секіріп кетеді. Оны біз психикалық ауру деп атаймыз. Сондықтан жедел түрде емделу керек. Оған тек психолог мамандар көмектесе алады» – дейді психолог-терапевт Светлана Құдиярова.

Статистика сүйенсек, 2016-2018 жылдар аралығында ішкі күйзеліс салдарынан 50-ге жуық сәби өз аналарының қолынан қаза тапқан. Бұл тек еліміздегі жағдай. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш тіпті екі есеге көп. Сондықтан болар, босанудан кейінгі күйзеліс қауіпті аурулардың ішінде екінші орынға бірақ шығыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар