Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Борат туралы ұмытыңыздар: Британиялық басылым боксшы қазақ қызына мақала арнады

Танымал британиялық The Sun басылымы кәсіпқой бокстағы тұңғыш қазақстандық ару Фируза Шәріповаға мақала арнады.

1b1787fd4faab17ecc571c0e0893e6bc

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Осының алдында ғана Фируза vesti.kz спорт порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, “Қазақстанның ең сексуалды спортшы қызы” деген атақты иеленген еді.

0c99a01db1d377957e599cf7776b47fa

“Жақында ғана “Қазақстанның ең сексуалды спортшысы” атағын алған және кәсіпқой бокста елінің атын шығарғалы жатқан Фируза Шәріпованы қарсы алыңыздар! Неліктен оны таңдағаны туралы сауал да туындайтын шығар. Бораттың туралы ұмытыңыздар, өйткені Қазақстанда ең күшті нәрсе бар – бұл боксшы қыздың сұлу бітімі. Шәріпова боксқа келмей тұрып, су спорты және велоспортпен айналысқан. Сондай-ақ, көптеген адамдар оның сән әлемінде де жарқырай алатынын айтады. Ару бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатын жеңіп алған. Әуесқойлар арасында Азия додасында да жүлдегер атанды”, – деп жазады басылым.

ea07b31093d41224e45f9b3683e616cd

Ағылшын газеті сондай-ақ, Фирузаның бұрынғы боксшы Денис Рыбакқа тұрмысқа шыққанын да айта кеткен. Сонымен қатар, кәсіпқой боксқа аяқ басып чемпион атанған тұңғыш қазақстандық қыз болғысы келетін арманын да жазып өткен.

8341159058aa6a1b102c34f64dca3d92

22 жастағы Шәріпова Тараз қаласының тумасы. Кәсіпқой шаршы алаңда үш кездесу өткізген. Алғашқы жекпе-жегінде Лондон олимпиадасының вице-чемпионы ресейлік София Оичговадан Мәскеуде ұтылып қалған. Артынша италиялық Анжело Канецароны және серб қызы Милена Матовичті сенімді түрде жеңе алды.

0fe561dc09ce53cbb95a1f45637abdc4

Осы көктемде ол титулдық жекпе-жек өткізуді жоспарлауда. Қазір спортшы қыз Мәскеуде дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Талқылау