Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Борат” фильмінің актеры сомдаған кезекті фильм отандық кинотеатрларда көрсетілмек

Қазақты күллі әлемге масқаралап көрсеткен “Борат” фильмінің актеры Саша Барон Коэннің кезекті фильмі отандық кинотеатрларда көрсетілгелі жатыр.  Sacha Baron Cohen as Borat at the Portrait Studio in Toronto, Canada. (Photo by Jeff Vespa/WireImage)

“Отандық кинотеатрларда 10 наурыздан бастап режиссер Луи Летерьенің “Братья из Гримсби” фильмі таспаланып жатыр. Картинадағы басты рөлдің бірін, алты Алашты күллі әлемге “Борат” образында масқара еткен Саша Барон Коэн сомдайды. Аудиториясы + 18. Билеттері де арзан емес. Ұлттық рухыма нұқсан келтірген ағылшындық “актерсымақтың” кезекті сайқымазақтығына қазақ енді ақшасын төлеп “тәнті” боп жүр. “Борат” 2006 жылы 260 млн. доллар табыс жасапты. Есіңде ұста! Бұл Сенің айрандай төгілген абыройыңа, мазақсүйер әлемдік көрерменнің берген – құны”, – деп жазады Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Серік Ноғайбайұлы.

“Бізде көрсетілер шет елдік фильмдерді қадағалайтын органдар ай қарап жүр ме? Сол сала белсенділері Саша Баронның “исі шыққан” жерді өртеп, атын тіпті естіртпеуі тиіс қой. Ел кинотеатрлары аталмыш картинаны таспалауын тоқтатуы қажет деп есептеймін! Саша Баронды жұрттан аластау үшін, үн қосар намысшыл ағайынның қолдауына үміт бар!”, – деп күйінеді автор.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақты масқаралаған “Борат” фильмі актерының Қазақстанға көшіп келетіні жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау