Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саша Барон қазақты масқаралаған Бораттың прототипі кім екенін айтты (видео)

Британдық күлдіргіш Саша Барон ойдан шығарылған қазақстандық репортер Борат Сағдиев жайлы құпияны ашты.

luxfon.com-13021

Сурет: www.metronews.ru 

Көптің сынына іліккен америкалық фильмнің актеры кейіпкердің астрахандық дәрігердің образы екенін айтты.

Саша Барон Коэн осындай күтпеген сырды сұхбат барысында сөз етті. Актер 1994 жылы бірнеше аптасын Каспий елордасында өткізгенін еске алды.

«Мен сол жерде Бораттың прототипі болған Алексті кездестірдім», – дейді Барон.

Ол камераға қарап отырып бұрынғы танысына қарата: – «Алекс, сен мені көріп тұрсың ба? Қалың қалай?» – деді актер.

Сұхбат соңында ол астрахандық танысын мен оның жерлестеріне сәлем айтты.

Жіберіп алмаңыз:

“Борат” фильмінің актеры сомдаған кезекті фильм отандық кинотеатрларда көрсетілмек

Қазақты масқаралаған Борат фильмінің актеры Қазақстанға көшіп келетіні рас па

Талқылау