Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында боранда адасып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында боранда қар кешкіш көлікке мініп жолға шыққан ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz

metel

“Іздестіру барысында Астарахан ауданының Петровка ауылынан 17 шақырым жерде, 1969 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Қар кешкіш көлікке мінген ер адам 18 желтоқсан күнгі боранда жолға шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен» – дейді ІІД өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, мәйітте зорлық-зомбылық іздері жоқ. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберіліп, экспертиза тағайындалған.

Сонымен қатар, осы оқиғадан біраз бұрын Атбасар ауданыныда да бір малшы боранда адасып кеткен еді. ІІД хабарлауынша, жылқының үйірін іздеп кеткен ол азамат аман-есен табылды.
 

Талқылау