Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Бөпе болатын”: Айдарбекова 18 жаста үйленген Қайрат пен Жұлдыздың қызықтарын еске алды

Ақбота Керімбекованың отау құрған ұлы 19 жаста, мұны естіген көпшілік жастарды ерте үйлендірген қаншалықты дұрыс деген тақырыпты қызу талқыға салды. Ал тұңғышы Қайратты 18 жасында үйлендірген Гүлзира Айдарбекова өз тәжірибесімен бөлісті.

"Бөпе болатын": Айдарбекова 18 жаста үйленген Қайрат пен Жұлдыздың қызықтарын еске алды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Олар бөпе болатын. Көз алдымызда әлі күлкілі. Мен қонаққа кетіп қалғанмын. Жұлдыз тамақ істей алмайды. Екеуі палау істемекші болыпты. Бірінші пияз саламыз ба, ет саламыз ба, не істейміз деп тұр. Мен жаймен айтып отырдым, екеуі жасады, бірақ өте дәмді болыпты. Маған келген кезде, Жұлдыз шайнектің құлағын ұстамаған қыз етін. Бірақ қазір Жұлдыздың жасаған тамақтары бал татиды, олай ешкім жасай алмайды деп ойлаймын”, – деп келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады Гүлзира Үсенқызы.

Продюсердің айтуынша, Қайрат пен Жұлдыздың тойы Алматыда өткен. Дүркіреп өткен тойға қазақ эстрадасының ең танымал жұлдыздары қатысқан. Айдарбекова бастапқы кезде Қайраттың үйленгенін жасырмағанын айтады. Ол кезінде Қайраттың концертіне қатысқан халық оның отбасылы екенін білген, дейді.

“Тойлары Алматыда өтті, бүкіл әншілер келді. Сезім өмірге келген кезде Республика сарайында “Тәтті сезім” деген концерт бердік. Жұрттар ұмытып қалды ма, түсінбеймін. Сол концерттен қыздардың ашуланып, жылап бара жатқанын көрдім. Кейін анекдотқа да айналып кетті. Құдағиым да айтқан. Киім алып тұрған кездерінде қыздар “Қайрат үйленген екен ғой” деп жылапты. Сосын қыздардың жүрегін ауыртпай-ақ қояйыншы дедім”, – дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Сондай-ақ, екі келін түсірген Айдарбекова жақында ене атанған Керімбековаға өз кеңесін айтты.

“Келінді қатты алақаныңнан ашып жіберсең босап кетеді, қатты қыссаң сынып кетеді. Сондықтан кішкене бостау ұстап тұрған дұрыс. Екінші келініме де айтқанмын, бауыр бассын, бізді ата-анасы ретінде сезінсін, Аянның бауырларын өз бауырындай көрсін дедім. Үшінші келінім де солай болады. Мен бірден келінді шығармаймын. Өйткені анамнан алған тәрбием. Келінді біраз уақыт қолда ұстау керек”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр