Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боливиядағы ірі өзен толықтай жоғалып кетті

Көлемі бойынша Боливиядағы екінші ірі өзен болып табылатын Поопо өзені құрғап кетті. Бұл Европалық ғарыш агенттігінің әуеден түсірілген суреттері негізінде де дәлелденіп отыр.

10997469

Сурет © Associated Press

«Жерді күнделікті режимде жоғарыдан бақылай алатын ЕҒА-ның ықшам спутниктері Боливиядағы ірі өзендердің бірінің құрғап кеткенін анықтаған», – делінген агенттік хабарламасында.

Европалық ғарыш агенттігінің суреттері бойынша Поопо өзені 2014 жылдың сәуір айы кезінен біртіндеп жоғала бастаған. Бұрын бұл өзеннің аумағы 3 мың шаршы шақырымды алып жататын еді. Үлкендігі жағынан өзен тек алдына айтулы Титиканы ғана жіберетін.

Климаттың өзгеруіне байланысты бұл өзеннің тартылып қалуы бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. 1994 жылы да өзен жым-жылас болып жоғалып кеткен еді. Кейін, өзен арнасы қайта қалпына келген. Ал бұл жолы сарапшылар ірі су арнасының қайтадан бұрынғы қалпына оралатынына күмәнмен қарап отыр. Ол процесс орын алған күннің өзінде ұзақ жылдарға созылуы мүмкін екен.

Талқылау