Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маймылдар джунглиде адасып кеткен туристі құтқарып қалды

Боливияда Амазонканың тропикалық ормандарында адасып кеткен чилилік туристі жергілікті маймылдар тобы құтқарып қалыпты.

Маймылдар джунглиде адасып кеткен туристі құтқарып қалды

Бұл туралы National Geographic хабарлайды.

Жануарлар оған жол көрсетіп жіберген.

25 жастағы Maykool Coroseo Acuña Туйчи өзеніне жақын маңдағы Боливия ұлттық паркіне жол тартады. Алайда ол тоғыз күн бойы ну жынысты орман ішінде адасып кеткен.

Ол бастапқыда Max Adventures туристік тобы құрамында болып, қайықпен ғана жүзіп қыдыра алатын бөлікке барады. Алайда кейін белгісіз жағдайда жоғалады.

Құтқарушылар бірнеше күн бойы іздеу жүргізгенімен, ол табысты аяқталмайды. Жергілікті шамандардың да діни әрекеттері жоғалып кеткен туристі табуға көмек бере алмаған.

Маймылдар джунглиде адасып кеткен туристі құтқарып қалды

Тоғыз күннен соң рейнджерлер туристің өзен жағалауында айқайлап тұрғанын естіген. Ол өз-өзіне келгеннен кейін маймылдардың көмектескенін айтыпты. Жануарлар Акунаға тамақ беріп, күн сайын өзен арқылы жүздіріп көмектескен.


Оқи отырыңыз:

47 жастағы әйел әлемдегі ең тартымды әже атанды (фото)

12 жастағы бала Үндістандағы ең жас әке атанды

Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет

Талқылау