Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев ұлының сүндет тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Болат Назарбаев Алматыда ұлының сүндет тойын атап өтті. Кеште қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетті.

Қазақстандық өнер жұлдыздары кештегі естеліктерімен желідегі парақшасында бөлісті. Қуанышты жиында Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова, анасы  Гүлзира Айдарбекова, Нұрболат Абдуллин, Мақпал Жүнісова мен қызы Мерей т.б. қонақ болды.

Болат Назарбаев ұлы Елнұрдың сүндет тойын Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде дүркіретіп өткізді.

Гүлзира Айдарбекова мен Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында Болат Назабаевпен бірге түскен суреттерін жариялады.

Гүлзира Айдарбекова кешті бұрынғы жайдарманшы, тележүргізуші Дәулет Бижановтың жүргізгенін айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау