Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Қазақ халқының ерке әншісі Мақпал Жүнісова кезекті туған күнін туған-туыстары мен дос-жарандарының ортасында атап өтті. Оның туған күніне елбасының інісі Болат Назарбаев арнайы атбасын бұрып келді, деп хабарлайды Stan.kz.

makpala bolat

«Кешегі туған күніме менің үлкен досым келіп, қатты қуанып қалдық, біз де әннен шашу шаштық, достығымыз мәңгілік болсын, Болат аға!» – деп жазды Қазақстанның халық әртісі өзінің желідегі парақшасында.

Отырыс барысында Мақпал Жүнісова өзінің репертуарындағы әнді гитараның сүйемелдеуімен орындап, көпшілікті қайталанбас даусымен тәнті етті.

Желі қолданушылары әншінің желіге жүктеген видеосын қызу талқыға салды. Көпшілік әншінің әуезді әнін ұйып отырып тыңдап, бейнежазбаны қайта-қайта қайталап көргендерін айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ басылымдарына берген сұхбаттарында әнші Болат Назарбаевтың отбасымен етене араласатынын айтқан болатын. Тіпті, бір жолы кіші Назарбаевтың Жүнісоваға қымбат маркалы автокөлік сыйлағаны ел есінде.

Жіберіп алмаңыз:

Жәния Джуринская Сахара шөлінен квадрациклмен жүріп өтті (фото)

Кенжебек Жанәбілов шашын тықырлатып алдырып тастады (фото)

Қайрат Нұртас сүйіктісіне халықтың алдында ұсыныс жасағысы келетінін айтып қалды

Тәуекел Мүслім ұятсыз көріністері бар телехикаяға түсіп жатыр

Талқылау