Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев қатысты: “Баян сұлу” фильмінде басты рөлді сомдаған қыздың тойы дүркіреп өтті (фото)

Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлзада Тұрлаштың ұзату тойы дүркіреп өтті.

Гұлзада Тұрлаш Темірлан есімді азаматқа тұрмысқа шықты.

Желіде тойдың Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде өткені, тойды Болат Назарбаевтың қонақ болып келгені айтылып жатыр. Одан бөлек Қазақстанның өнер жұлдыздары қонақ болды. Гүлзаданы белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ұзатты.

Тойда Алтынай Жорабаеа, Қыдырәлі мен Қарақат, Гүлнұр Оразымбетова, Айқын т.б. әншілер болды.

Өнер жұлдыздары тойдағы суреттерін желідегі өз парақшаларында бөлісті.

“Темірлан мен Гүлзаданың қуанышында. Алла бақтарыңды ашсын”, – деп жазады алтынай Жорабаева желіде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау