Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болашақ” стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды

“Болашақ” халықаралық стипендиясына үміткерлер үшін құжаттар қабылдау уақыты 2016 жылдың 15 тамызы мен 14 қазан аралығы деп бекітілген.

062a2be7-60b2-41fb-b967-456be687ca05

Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Аталмыш қаулыға ҚР білім және ғылым министрі қол қойған. Бұйрықта “Болашақ” халықаралық стипендиясын жүзеге асыру кезіндегі бірқатар шараларды атқару барысында құжат қабылдау уақытына өзгерістер енгізілді. Құжат қабылдау 2016 жылдың 11 сәуірінен 13 мамыр аралығы, 2016 жылдың 13 маусымынан 29 шілде аралығы, 2016 жылдың 15 тамызынан 14 қазан аралығында өтеді”, – делінген бұйрықта.

Бұған дейін соңғы қорытынды кезең 30 қыркүйекте аяқталады деп хабарланған еді. “Болашақ” халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Осы уақытқа дейін бұл бағдарлама аясында 11 126 қазақстандық әлемнің 33 елінде орналасқан 200 үздік университет қабырғасында білім алып шықты.

Талқылау