Болашақ мейірбике “Ақтөбе аруы – 2018” байқауында жеңімпаз атанды (фото)

Ақтөбеде 18 жастағы студент Эльмира Қаблай «Ақтөбе аруы – 2018» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің студенті Ақтөбе аруы атанды. Сайыста қыздардың сұлулығы, таланты мен шеберлігі сынға түсті. Арулар үш киім үлгісін көрсетті.

Алдымен ақ түсті киіммен, классикалық үлгідегі киіммен және кешкі көйлекпен сахнаға шықты. «Мисс Ақтөбе – 2018» байқауында «Мисс Ақтөбе виртуал» номинациясын  Диляра Өмірсерікова жеңіп алды.

«Мисс Ақтөбе – 2018» байқауының үшінші орны Асылай Бағлановаға, екінші орынды Бану Қосаева, бірінші орыны Әсемгүл Құлмағамбетоваға бұйырды. Ал бас жүлдені Ақтөбе медициналық колледжінің 3-курс студенті Эльмира Қалбай жеңіп алды.

«Мен өзімнің жеңімпаз екенімді әлі де сезіне алмай отырмын. Себебі, дайындық кезінде сұлу да ақылды қыздардың әрқайсысы Ақтөбе аруы болуға лайықты екенін білдім. Алдымен жанымдағы құрбыларым, анам құттықтады. Жаңа мүмкіндік сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Алдағы уақытта Қазақстан аруы байқауына қатысып, Ақтөбе намысын лайықты қорғаймын деп ойлаймын», – деді Ақтөбенің ең сұлу аруы Эльмира Қалбай.

Эльмира Қалбай өз мамандығын жақсы көретінін, әрі сол бағытта оқуын жалғастыратынын атады.

Оқи отырыңыз:

Есірткі ұнтағын қант деп ойлаған 6 жасар қыз оны қаптамасымен қоса шайнап тастаған

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар