Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Болашақ дәрігер: Ақбота Керімбекованың ұлы келіншегі жайлы айтып берді

Жақында Ақбота Керімбекованың ұлы мен келіні шаңырақ көтерді. Осыдан екі жылдай бұрын бір-бірлеріне көңілдері ауған жас жұбайлар небәрі 19 жаста. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында Керімбекованың ұлы келіншегі жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Болашақ дәрігер: Ақбота Керімбекованың ұлы келіншегі жайлы айтып берді

Біржанның сөзіне қарағанда, көпшілік Әйгерімді одан үлкен деп ойлайды. Алайда жастай отағасы атанған ол жұбайының өзімен жасты екенін айтады. Біржан да, оның жары Әйгерім де 1999 жылы туған. Бүгінде Әйгерім медицина университетінің студенті екен.

“Осы Алматы қаласында туып өскенмін. Қазір студентпін. Асфендияров атындағы медицина университетінде 2-курста оқимын”, – деп өзін таныстырды әншінің келіні Әйгерім.

Ал Қытайда білім алған Біржан жас болсам да, өз отбасымды өзім асырай алатын мүмкіндігім бар дейді.
“Шағын бизнеспен айналысамын. Анам мен әжемнің көмегімен ақырындап бизнеспен айналысып жатырмын. Оқу орталығы мен PS ойын орталығын аштық. 19 жастағы жігіт үшін бәрі алда деп ойлаймын”, – деп бөлісті Біржан Шалқарұлы.

Екі жастың кездесіп жүргеніне 2 жылдай уақыт болған. Алайда отбасын құруға бел буған жастар ата-аналарын таяуда ғана таныстырыпты.

“Ата-анамызды таныстырғанымызға 5 айдай болып қалды”, – дейді Керімбекованың келіні Әйгерім.
Өз кезегінде Ақботаның өзі құдалары жайлы айтып берді.

“Құдалар Шығыс Қазақстанның, Мақаншы өңірінен. Таза Наймандар”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр