Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік оқу орындарының тізімі өзгерді

Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарық көрді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік ЖОО-ның тізімі өзгерді

Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хаабрлайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Асылованың 2018 жылдың 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, «2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.

«Аталған бұйрықпен бекітілген 2018 жылғы “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес өзгертіледі», – делінген бұйрықта.

Айта кетейік, тізімнің толық нұсқасын adilet.zan.kz сайтынан қарауға болады.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін

Өскеменде жоғалып кеткен 66 жастағы кейуананың денесі темір жолдан табылды

Дубайға барған қазақстандықтар тамақтан жаппай уланып қалды (фото, видео)

 

Талқылау