Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашағынан мол үміт күттіретін қазақстандық 5 актер (фото)

Жыл санап елімізде киноиндустрия саласы дамып келеді. Телеэкраннан көрерменге жол тартып жатқан отандық телехикаялар мен фильмдер жүздеген актердің бағын ашуда. Қуанышымызға орай, өнер майданында кешегі Төлеген мен Бекежанның ізін жалғайтын жігіттер жетерлік.

KaamUsaqqiU

Гәкку болашағынан мол үміт күттіретін ең үздік бес актерді таңдап алды.
Ербол Семқұлов

a83f0b8b4edc5a04549d7c19ebb

Алғаш рет Ербол Семқұлов «Тыйым салынған билер» фильмі арқылы танылды. Одан кейін жас актер бірнеше отандық телехикаяға түсті. Әсіресе, «Аяулы арман» кинокартинасы көрермен жадында сақталып қалды. Ал кино әлеміндегі алғашқы үлкен қадамын актер «04.29» фильмінде жасады. Оның образы өте эмоционалды болуды талап етті. Біздіңше, оның қолынан келді. Сіз қалай ойлайсыз?

Сануржан Сүлейменов

cbf079f21b9b6164d9cb523db80

Сануржанның актерлік мансабы «Жаужүрек мың бала» фильмінен басталды. одан бөлек жас талант «Аңшы бала», «Весь мир у ваших ног, «Рэкетир-2» фильмдерінде бой көрсетті. Сондай-ақ, Сануржан басты рөлді сомдаған режиссер Ақан Сатаевтің «Районы» фильмі жақын арада көрерменімен қауышпақ. Бұларды қоспағанда, жас жігіт көптеген халықаралық кинофестивальдердің лауреаты болып табылады: «КиноШок», «International Film Festival», «Байқал жүрегі» және «Құлагер» кино жүлдесі. Сануаржанның жұлдызын жағатын образдар әлі алда деп ойлаймыз!

Вахид Изимов

4685c1d3c82523c1a29a33f518f

Вахид үшін алғашқы орында әркез театр тұрған. Ол «Сыныптастар», “Эти свободные бабочки” спектакльдерінде ойнаған. Оның ең адуынды образы -Тадеуш Слободзянек пьесасының кейіпкері. Театрды бірінші орынға қоятын актер киноға да түсіп үлгерген. Көрермен оны «Сырғалым» және “Одни из нас” телехикаяларынан біледі.

Олжас Нұрбаев

cb0b515302647b68669c89e153d

Бұрындары актерлер алдымен толықметражды фильмдерге түсіп, кейіннен телехикаяларға ауысатын. Ал қазір бәрі де керісінше өзгерді. “Ауылдастар”, “Қыздар”, “Сырғалым” телехикаялары қаншама жас таланттың бағын ашты? Киносүйер қауым Олжас Нқрбаевтан көп үміт күтеді. Айта кетейік, қазіргі таңда жас дарын New York Film Academy оқу орнында магистратурада «Режиссура кино және медиа» мамандығы бойынша білім алуда.

Артур Төлепов

9055019791ecc91f188f6d0c773

Ағайынды Төлеповтердің жұлдызы «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін жанды. Інісі Асылхан онда басты рөлді сомдаса, Артурдың өзі қосымша рөлде ойнады. Одан кейін Төлеповтердің үлкені «Күн сақшылары» және «Құрбылар» телехикаяларында бой көрсетті. Ал өткен жылы Артур «Зәуре» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Кино жанкүйерлері Артурға мол үміт артуда!

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары ақша үшін ұрықтарын өткізуге дайын ба?

KFW-2016: Дизайнерлер туындыларын кітапханашыларға арнады (фото)

Бүркіт: Айша маған тұрмысқа шығуға өзі ұсыныс жасады

Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмек

Талқылау