Боксшыларымыз Олимпиаданың үшінші күнін сәтті аяқтады

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 7:34

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келі салмақтағы екі дүркін Азия чемпионы Василий Левит қытайлық Юй Фенкайды техникалық нокаутпен ұтты.

спорт2

Бұл туралы bnews.kz сайты жазды.

Василий Юй Фенкайды ауыр соққылардың астына алып, екінші раундта ногдаунға жіберді. Осыдан соң Юй Фенкай рингке шығудан бас тартып, нəтижесінде Василий Левит техникалық нокаутпен келесі кезеңге жолдама алды.

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фаулерді жеңді.

спорт

Жетісулық былғары қолғап шебері Энтони Фаулерді бірінші раундта-ақ соққының астына алды.

Тіпті, екінші раундта Жәнібек қарсыласын ногдаунға жіберді. Ал үшінші раунд қазақ спортшысының басымдығымен өтті.

Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға шықты. Осылайша, жерлесеміз Біржан Жақыповтың ерлігін қайталады.

Біржан Жақыпов алғашқы кездесуінде намибиялық Маттиас Хамуньелді айқын басымдықпен ұтты.

Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде қазақ боксшысы қарсыласынан басым түсті. Есеп 3:0 (29:28, 30:27, 30:27).

Осылайша, Біржан ширек финалға өтті. Оның ендігі қарсыласы – өзбекстандық Хасанбой Дусматов. Қос қарсылас шаршы алаңда 11 тамыз күні кездеседі.

Осыған дейін Бауыржан жеребе бойынша алғашқы айналымнан босатылған. Ал оның қарсыласы байрақты бәсекені бірінші іріктеуден бастады. Нәтижесінде намибиялық боксшы әзірбайжандық былғары қолғап шебері Руфат Хусейновті жеңді.

Біржан Жақыпов үшінші Олипмиадасына қатысып отыр. Ол осыған дейін Бейжіңдегі және Лондондағы байрақты бәсекеде бақ сынады.

спорт1

Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күнінде рингке көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен жеңіліп қалған болатын.

Рио Олимпиадасында 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар