Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы қыз чемпионатқа қатысу үшін салмақ өлшеу кезінде бұрымын кесіп тастады

Ресейлік боксшы қыз Ирина Русских Ресей чемпионатына қатысу үшін салмақ өлшеу кезінде қос бұрымын кесіп тастады.

5454

Бұл туралы Борис Валиев есімді желі қолданушысы өз парақшасында жазды.

Ирина салмақ өлшеу кезінде рұқсат етілетін максималды салмақтан 50 граммға асып кеткен. Дисквалификациядан қашып құтылу үшін спортшы бұрымын кесіп тастапты. Нәтижесінде ол чемпионатқа қатысып, бес кездесу өткізіп, финалға дейін жеткен.

Бірақ, финалдық бәсекеде қарсыласына жол беріп, күміс жүлде иеленеді. Бокстан Ресей чемпионаты Грозный қаласында өткізілген болатын.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»

Давид Вильяның ғажайып голы хитке айналды (видео)

Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды

Талқылау