Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Қайрат Ералиев алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 56 келі салмақта өнер көрсететін Қайрат Ералиев әзербайжандық боксшы Джавид Челебиевтан басым түсті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

бокс

Үш раундта да қазақ боксшысы 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевтан бір бас жоғары өнер көрсетіп, нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Қайратқа берді. Есеп 3:0.

Осылайша, ол Рио Олимпидасының1/8 финалына шықты.

Осыған дейін қос қарсылас бір рет кездескен. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Ералиев дәл осы боксшыдан жеңіліп қалған еді. Енді, міне сол есесін қайтарды.

Айта кетейік, Рио Олипиадасының алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов бірінші айналымнан аса алмай, жарысты ерте аяқтаған. Кеше ширек финалда 56 келіде өнер көрсететін Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан ұтылып қалды. Ал осы күні Василий Левит (91 келі) қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс медаль еншілеген болатын. Нәтижесінде жеті медальмен жалпы командалық есепте 11-ші орынға тұрақтадық.

Олимпиада ойындарында 306 медаль сарапқа салынуда

 

 

 

Талқылау