Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Ардақ Назаровтың жұбайы эфирге қайта оралды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ардақ Назаровтың жұбайы Маржан Болатханқызы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі ретінде белгілі. Бүгінде 3 баласын тәрбиелеп отырған тележүргізуші ұзақ уақыт декреттік демалыста болған еді. Ендігі ол өз көрермендерімен қайта қауышады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы Ардақ Назаровтың жұбайы эфирге қайта оралды

Бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram желісіндегі парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Ал, қымбатты көрермендер, сүйінші!  Ақылына көркі сай, қазақи әлемнің иісі аңқыған, руxани жан-дүниесі бай Маржан қызымыз эфирге оралды», – дейді тележүргізуші.

Өз кезегінде Дана Нұржігіт 3 баласын тәрбиелеп, күйеуінің жағдайын жасап, қызметті де қатар алып жүруге тырысқан әріптесіне тәнті болды.

«Үш баланы дүниеге әкеліп те, жолдасы Ардақ Назаровтың бабын тауып та, көрерменімен тілдесіп, қызметке де үлгеруге болатынын дәлелдейтін ақылды қыз. Маржанымыздың дарынын түсініп, қолдау білдірген Құдай қосқан қосағына рақмет!

Маржан, айналайын, тұңғыштарымызды бір перзентxанада босанып, алғашқы қуанышымызда бірге болған едік. Енді міне, шығармашылық айдынында жолымыз тағы тоғысып жатыр. Эфирге оралғаныңа қуаныштымын, әріптес!» – деп жазды Дана Нұржігіт.

Бұл ақпаратты Ұлттық арнадағы «Таңшолпан» бағдарламасының желідегі парақшасы да растады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау