Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Әділбек Ниязымбетов олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

ZPpiL6bsKGE

Әділбек Ниязымбетов финалда кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездесіп, жеңіліп қалды. Осылайша Әділбек екі олимпиадада қатарынан жүлде алған үшінші қазақстандық боксшы атанып отыр. Осыған дейін Ермахан Ыбырайымов (Атлантада – қола, Сиднейде – алтын) және Болат Жұмаділов (Атлантада – күміс, Сиднейде – күміс) осындай жетістікке жеткен еді.

Ал Әділбек Лондон олимпиадасында осы салмақта күміс жүлде еншілеген. Бұл боксшыларымыз қоржынымызға салып отырған үшінші жүлде. Бұған дейін 91 келіге дейін жұдырықтасқан Василий Левит күміс алып, 69 келідегі Данияр Елеусінов кеше олимпиада ойындарының чемпионы атанған.

Енді финалда тағы бір боксшымыз өнер көрсетеді. Ол 91 келіден жоғары салмақтағы Иван Дычко. Ал қалған боксшыларымыз ширек финал мен жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл Қазақстан қоржынынан түскен 13-ші медаль. Ал бүгін түнде Астана уақытымен 03.30-та еркін күрес шебері Гюзел Манюрова финалда күреседі. Көрсетілімді тікелей эфирде “Қазақстан” телеарнасынан тамашалауға болады.

Талқылау