Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөксесіне пластикалық ота жасатқан әйел танымал хирургтін қателігінен қайтыс болды

Танымал хирург бөксесін ұлғайтқысы келген әйелдің күретамырына қателесіп басқа ине салып жіберіп, оны өлтіріп қойды. Рио-де-Жанейрода тұратын танымал дәрігер Денис Фуртадо 46 жастағы Лиллиан Калистоның қазасынан кейін бас сауғалап, қашып жүр.

Бөксесіне пластикалық ота жасатқан әйел танымал хирургтың қателігінен қайтыс болды

Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Instagram парақшасында 600 мыңнан астам оқырмандары бар хирургты қазір полиция іздеп жатыр.

46 жастағы Лилиан Калишто Куябадан Рио-де-Жанейроға белгілі пластикалық хирург Денис Фуртадоға ота жасату үшін арнайы келді. Бұл дәрігер бөксені ұлғайту бойынша 8000 ота жасаған елдегі ең үздік мамандардың бірі. Ол Бразилия телеарнасына шығып, үнемі сөз сөйлеп кеңес те беріп жүрді.

Бөксесіне пластикалық ота жасатқан әйел танымал хирургтың қателігінен қайтыс болды

Алайда, пластикалық ота жасаудың шебері жүргізген рәсімнен бірнеше сағат өткен соң Лилиан Калисто демала алмай, тұншыға бастаған. Дәрігер оны жергілікті ауруханаға өзі алып келді, бірақ бөксесін ұлғайтуды қалаған әйел таңертең қайтыс болды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, дәрігер кездейсоқ Лиллианның күретамырына толтырғыш енгізіп қойған. Ал, ол инеден әйелдің қаны ұйып, жүрегі зақымданған.

Бөксесіне пластикалық ота жасатқан әйел танымал хирургтың қателігінен қайтыс болды

Лилианның қайғылы өлімінен кейін полицейлер ота кезінде Денис Фуртадоға көмектескен медбикелерді қамауға алды. Алайда, пластикалық ота жасатқан әйелді ажал құштырған хирургты ешкім таба алмады. Тергеушілердің пікірінше, ол бас сауғалап кеткен. Ал, қайтыс болған науқастың артында кәмелетке толмаған қызы жетім қалды. Оның өліміне кінәлі дәрігердің қолға түскеннен кейін қандай жазаға тартылатыны әзірше белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау