Бокс ұйымы Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берді

Бокс ұйымы «Канелодан» жеңілген Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берді. Халықаралық бокс ұйымының  президенті Эд Ливайн РИА Новостиге берген сұхбатында мексикалық Сауль Альварес Канелоның IBO әлем чемпионы белбеуін алмайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі.

Бокс ұйымы Головкинге әлем чемпионы атағын қайтарып алуға мүмкіндік берді

«Альварес шынымен де IBO атағын алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Енді бос тұрған атаулы атаққа екі үміткер күресе алады. Ол осы бөлімде рейтинг бойынша бірінші орын алатын Головкин де болуы мүмкін»,- деді Ливайн.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин IBO әлем чемпионы белбеуін 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық боксшы Лахуан Саймонды жеңгеннен кейін алған болатын. Сол күнгі айқаста қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта жеңіп, IBO атағын иемденді.

Осыдан кейін Головкин жеті жыл бойы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап, 17 рет сәтті қорғап шықты. Алайда, отандасымыз 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Альвареспен өткен екінші кездесуде бұл атағынан айырылды. Ол сондай-ақ WBA және WBC чемпиондық белбеуінен де айырылып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің ESPN-нің орта салмақтағы ең мықты боксшы атағынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар