Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бодибилдер” кенгуру ірі денесімен жұртты шошытты (фото)

Фейсбук желісіне жариялаған ер адамның суретті жұртты шулатты. Ол ірі денелі кенгуруді суретке түсіріп алған екен.

Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

27 жастағы Джексон Винсент итін қыдыртып жүріп ірі кенгуруді жолықтырған. Айтуынша, кенгурудің бойы – 2 метр, ал салмағы – шамамен 100 кг.

“Су ішінде тұрған құбыжықты көріп шошып кеттім. Біз бірінші басын, кейін денесін көрдік. Ол судан шығып келе жатқан еді. Жүрегім селт етіп, артқа қарай шегіндім”, – дейді Винсент.

Бірақ, ер адам біраздан кейін оны суретке түсіріп алуды жөн көреді. “Мен оны суретке түсіріп жатқан кезде, ол қасыма келді. Сол кезде оның денесінің қаншалықты ірі екенін байқадым”, – дейді ер адам.


Жіберіп алмаңыз:

Біреуді ұстап қалғыңыз келсе, оны босатыңыз

Google бөгде жаратылысты жұрттан жасырмақ болды

Маңдайының кеңдігінен ұялған қыз отадан кейін танымастай өзгерді (фото)

Теледидардан жарнама көру – балаға не үшін зиян?

Талқылау