Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогерлер жүрегі ауырған адам болып АҚШ пен Астана тұрғындарын тексеріп көрді (видео)

BurnTV блогерлері арнайы зерттеу жүргізіп, Астана мен АҚШ тұрғындарының қаншалықты мейірімді екенін тексеріп көрді.

Безымянный

Олар жүрегінің талмасы ұстап, құлап қалған адам кейпін жасады. Астанада ауырған адамның жанына тез арада бір топ адам жиналып, жағдайын сұраған. Ал, Нью-Йорк тұрғындары оны есірткі шегіп алған шығар деп қабылдаған.

«Балам, жедел жәрдем қызметін шақыр», – деп әжейге дейін оған көмек көрсетпек болған.

Астанада үш күн бойы жүргізілген зерттеу кезінде әдейі ауырған адам  20 секунтдан көп жерде жатпаған. Астаналықтар оған дәрі ұсынып, жедел жәрдем қызметін шақырып, тіпті көтеріп сәкіге отырғызбақ болған.

Ал, мұхиттың арғы жағындағы халық мұндай мейірімділік таныта қоймаса керек. Ол жақта ауырған адамның жанына бір күн бойы 3-ақ адам келіп, жағдайын сұраған.

Талқылау