Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер тікелей эфирде көрермендердің айтқанын орындаймын деп көз жұмды

Чу есімді қытайлық стример желідегі жазылушылары айтқан нәрсенің бәрін ішін көз жұмды.

29 жастағы Чу Liaoliao.com. сайты арқылы табыс тауып жүрді. Оған не нәрсені ішуге бұйырады, соны ішу керек деген ұсыныс түседі.  Оның басым бөлігі алкогольді ішімдіктер еді. Оған сұйық май ішуге де бұйрық түсті. Блогер осылайша күн сайын 500 юань (30 мың теңгеге жуық) тауып жүрді.

Үш айдан соң блогер тікелей эфирде жазылушыларынан ешқандай нәрені ішуге міндеттемеуді сұрады. Денсаулығы сыр бере бастағанын айтты. Досының айтуынша, Чудың денсаулығы нашарлағанына қарамастан көрермендері оның сусындарды ішуін талап еткен.

Соңғы рет Чу Жаңа жыл қарсаңында эфирге шықты. Ол супермаркетте сұйықтық ішіп тұрғанын көрсетті. Таксимен қайтып бара жатқанында өзін нашар сезінді. Такси жүргізушісі полиция шақырып, олар ауруханаға алып кетті. Ауруханаға жеткізілгенде жігіт мерт болды.

Судың досы оның стрим арасында үзіліс жасап, дәрігергер қаралғанында сауығып кетер еді деп отыр. Блогердің жақтауышысының бірі жігіттің өлімі үшін Liaoliao бағдарламасының да жауап беруі тиіс екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау