Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пікір: қазақстандықтардың ұлттық идеясы – ештеңе істемей-ақ бәріне қол жеткізу

Facebook қолданушылары қазақстандық менталитетті сынаған Ержан Рашевтың жазбасын талқылап жатыр. Танымал блогер, біздің ел азаматтарының ұлттық идеясы ештеңе істемей-ақ қалағанына қол жеткізу деген таным аясында қалыптасқан дейді.

ымым

“Жас сұлу келінді қалайсың ба – оны ұрлап кет. Оған қол жеткізем деп шаршама, қырындама, кездесуге шақырма, серенада шырқамай-ақ та қой. Тек ұрлап кет. Бай болғың келсе – қазынаны қопар. Өз-өзіңді дамытпай, күн-түні жұмыс істемей, оқымай, мансабыңды да ретке келтірме. Тек ақтара бер. Халықаралық аренаның мойындауын қалайсың ба? Елдің бүкіл ақшасын көзбояушылыққа жұмса. Демократия, еркіндік, адам құқығы дегенді орнатпа. Тек ақша тастай сал. Баланы тәрбиелегің келмесе – оны қоқысқа тастай сал. Спортты да жаның қаламаса – қарын шығарып жүре бер. Әйтеуір, белгісіз тәсілмен, ештеңе істемей, тер төкпей қалағаныңды ала бер. Міне, біздің бастан-аяқ қалыптасқан ұлттық идеямыз”, – деп жазды Рашев.

Рашевтің көптеген оқырмандары оның ойымен келісіп, блогер 4700-ден астам лайк жинаған.

“Бізде әлі кезекте тұруды суқаны сүймейтіндер, диплом, жүргізуші куәлігін алу үшін еңбектеніп оқуды жақтырмайтындар бар. Өкінішке орай, бұл нағыз ұлттық идея! Бірақ, бұл бәріне әсер етеді”, – дейді Әлжан Стамқұлов.

Қазақ халқының бетке айтып салатын туралығын ұнатпайтындар да табылған. Кейбіреулер авторға жағдайдың “жақсы жақтарына” үңілуге және психологқа қаралуға кеңес беріпті.

Талқылау