Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер 140 келіге арықтаймын деп зардап шекті

Индианалық блогер Лекси Рид 140 келіге арықтады. Артық салмақтан арылған соң терісі салбырап, одан әрі зиян шекті.

28 жастағы бойжеткен екі жылда көп салмақ тастады. Ол алкоголь мен газды сусындардан, фастфудтан бас тартып, пайдалы тағамдар жеді. Тұрақты түрде жаттығу жасады. Соның нәтижесінде 220 келіден 78 келіге дейін салмақ тастады.

Салмақ тастаған соң ота жасап, артық терілерін алып тастау кере болды. Дәрігерлер тоғыз сағат бойы ота жасап, оның іші мен қолының, аяғының артық терісін алып тастады.

Отадан соң бойжеткеннің денесі ауырсына бастайды. Күлудің, жөтелудің өзі қиынға соғады. 6 апта бойы қалыпты жағдайға бейімделе алмай дал болды.

“Маған қанша адам күлсе де, мен мықты болуым керек екенін білем”, – дейді өзі.

Желіде 1 млн жазылушысы бар. Парақшасы салауатты өмір салтын ұстануға арналған. Блогер қызбен оның күйеуі де арықтады. Ол екі жыл бұрын 127 келі болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау