БҚО-да ірі қара асырап отырған отбасымен кездескен Бердібек Сапарбаев құрт сатып алды

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердікбек Сапарбаев өңірлерді аралауда. Үкімет мүшелері Батыс Қазақстанға барған сапарында кәсіпкерлермен кездесіп, жағдайларын білді. Олар ірі қара асырап отырған отбасының кәсібімен танысып, Сапарбаев құрт сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

БҚО-да ірі қара асырап отырған отбасымен кездескен Бердібек Сапарбаев құрт сатып алды

Өңірде жеке шаруашылығын жүргізіп отырған отбасымен кездескен Бердібек Сапарбаев олардан кәсібін қалай жүргізіп отырғанын сұрап, тәнті болды.

Өз сөзінде кәсіпкер отбасы былтыр 1,5 миллион теңгенің грантын ұтып алғанын айтты. Олар ірі қара асырап, ет, сүт және сүт өнімдерін сатып табыс табуда. Отбасы сүттің литрін 200 теңгеден, еттің келісін 1 500 теңгеден сатып отыр екен. 

«Құрттың бір данасын 30 теңгеден сатамыз. Күніне 300-400 шығады», - дейді отанасы.

Сонымен қатар отанасы мектепте оқитын қызының кәсібін жүргізуге көмектесіп, құрт жасайтынын айтты. 

Артынша құрттың келісі қанша екенін сұраған еңбек министрі 3 мың теңгеге 100 дана құрт сатып алды.

«Мына пакеттегі құрт қанша тұрады? Берші», - дейді Сапарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр