Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО тұрғыны ел символына айналған қыран мүсінді жерге қаратқанын айтып ашынды

Еліміздегі ескерткіштер қоғам назарынан тасада қалған емес. Астанададағы «Ғашықтар» ескерткіші ел арасында қызу талқыға түссе, енді БҚО-дағы ескерткіш жайлы сындар айтылып жатыр.

14681671_648931828610156_9204361389085525146_n

Бағдат Ізмағанбет есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында ой бөлісті. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданынағы самұрық ескерткіші ел символына лайықты етіп жасалмаған.

«Соңғы кездері аудандарда да тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп, асқақтатуға үндейтін ескерткіштер қойылып жатыр. Әнге арналса да туындыдан туған туынды деп білемін оны. Ол да тарих. Еділден еңіреп, қимай кетіп жатқан жұрттың қасіретін Қазтуған жырлаған еді ғой. Ол да қазақтың қонысы болған – Еділ! Өз өзеніне бір қадам жақындатпай өзегінен тепкен еді кезінде Жайықтың бойын жайлаған елді Орыс отаршылдары. Екі өзеннің толқыны талай ұлыларымызға шабыт беріп, батырларымыздың тұлпарлары жорықтан соң суарылатын орын болды ғой. Еділден айырылсақта, Жайығымыз жанымыздан ағып жатыр. Осы егіз өзенге жақсы ескерткіш неге орната алмадық? Олқылық!», – деп жазады ол.

а

Автор Еділ мен Жайық өзендеріне ескерткіш қойылмағанына да қынжылады. Ол елге қымбат дүниелердің лайықты түрде жасалғаны жөн екенін атап өтті.

«Самұрық құс па, көк туымыздағы қыран ба? Қазталовтағы бұл мүсінге де мүсіркеп қарауға әбден негіз бар. Елдің символикасына кіретін өр, намысшыл, тәкаппар құсты дардай қылып жерге қаратқан қай шебер? Тырнағы бармаққа айналғанына ұялып тұрғандай көрінеді басын төмен түсіріп. Ұрпаққа қалатын тас мүсіндердің еңсесі түсіп, езілген нәжістей болуына жол бермеу керек!», – дейді Ізмағанбет.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде екі қыз бұзылып қалған көлікті өздері итерді

Қанат Исламның салмақ өлшеу рәсімінде танымал боксшылар төбелесіп қалды (видео)

Миллионер өзіне адал қызмет еткені үшін хатшысына мұрагерлікке 75 млн евро қалдырған

Қаңғыбасқа 100 доллар беріп аңдыған жігіт оның үйсіздерге тамақ алып бергенін көрді (видео)

Йеменде сақталған Пайғамбарымыздың шашы көпшілікке көрсетілді (видео)

Талқылау