БҚО тұрғыны 80 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 12:31

Бұрынғы Орда ауданы (қазір Бөкей ордасы) Талап ауылдық кеңесінде туып-өскен, 1952 жылы қазіргі Ақжайық ауданы Алғабас ауылына келіп, қоныс тепкен С. деген әйел адам 80 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген.

4632098_original

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Журналист Болат Есқалиевтің хабарлағанындай, аталған тұрғын облыс және аудан әкімдіктеріне, әділет басқармасының бөлімдеріне жүгінгенде, өзіне қатысты туу туралы жазба жоқ екендігі жайында жауап алған. Ақыры оның қызы Ақжайық ауданының прокуратурасына анасының жеке басын анықтайтын құжат алуға және зейнетақы рәсімдеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген еді.

Аудан прокуратурасының қызметкерлері осыған байланысты бірқатар жұмыс атқарды. 1930 жылдан бастап мұрағаттық құжаттар зерделеніп, С-ның болжамды жасын анықтау үшін медициналық клиникалық тексеру жүргізіліп, аудандағы Алғабас ауылдық округі ақсақалдарының қатысуымен жиналыс өткізіліп, онда қажетті куәлардың жауаптары жазылып, С-ның туу туралы дерегі бойынша тағы да басқа іс-шаралар өткізілді.

«Аудан прокуратурасы Ақжайық аудандық сотына С-ның туу туралы заңдық маңызы бар дерегін анықтау үшін талап-арыз берді. 20 қыркүйекте аудан прокурорының талабы қанағаттандырылды, атап айтқанда, С-ның 1936 жылғы 16 наурызда дүниеге келгені туралы заңдық дерегі анықталды. Ақжайық аудандық сотының шешімі күшіне енгеннен кейін ол туу туралы куәлігін, жеке куәлігін ала алады және жасына байланысты зейнетақы рәсімдей алады»,- деді Ақжайық аудандық прокуратурасының прокуроры Анастасия Семилиди.

Айта кетейік, 1952 жылы жерінің едәуір бөлігі әскери полигонға берілуіне байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстан облысына және басқа жерлерге зорлықпен көшірілген болатын. Соның ішінде Ресей асып, тентіреп кеткен тұрғындар да аз болған жоқ. Тұрғындардың бір бөлігі Батыс Қазақстан облысының аудандарына қоныс тепкен еді. С-ның да осы зұлматтан зардап шеккендігі көрініп тұр. Ол Алғабас ауылына көшіп келгеннен кейін тұрмыс құрған, қазір ұрпақтарының ортасында ғұмыр кешуде.

Жіберіп алмаңыз:

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Аудан әкімін дастархан басында отырған кәсіпкер басынан бөтелкемен ұрған

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас дәрігер қыз қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар