Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда сотталған Оңдағановтың орнына келген спорт басқармасының басшысы да парамен ұсталды (видео)

Батыс Қазақстан облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы басшысының тұтқынға алынған сәтінің бейнежазбасы жарияланды. Бұл туралы коррупцияға қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

545454

“Батыс Қазақстан облысы бойынша коррупцияға қарсы күрес Ұлттық бюросы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Тимур Шаяхметовты ұстады. Ол бөлім меңгерушісі Ишановпен бірге қылмыстық сыбайластықта болып, спорт мектептерінің бапкерлерінен пара алып отырған”, – делінген баспасөз хабарламасында.

2016 жылдың қарашасы мен желтоқсан айында Шаяхметов пен Ишанов жалпы сомасы 1 500 000 теңге пара алған. Қазіргі таңда Шаяхметов Оралдағы уақытша тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тимур Шаяхметов мамандығы бойынша заңгер. Бұған дейін халықаралық байланыстар басқармасында, спорт және мәдениет министрлігінің спорт инфрақұрылымы бөлімінде қызметтер атқарған.

Оқи отырыңыз:

Ғаламторда қазақтың «естен тандырарлық» тойы туралы ролик тарады (видео)

Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды

Назарбаев өзіне айтылатын жағымпаз мақтаулар жайлы айтты

Қазақстанда балаларға көрсетілген жыныстық зорлық бойынша адам шошырлық деректер жарияланды

Талқылау