Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-ның тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзіне тіл тигізген бұрынғы күйеуін сотқа берді

36 жастағы Зыряновск тұрғыны әлеуметтік желіде жарияланған бұрынғы жұбайының суретінің астына оған тіл тигізіп, жазба қалдырады. Мұны көрген әйелі сотқа арыз жазады.

big1175461_10

Бұл туралы Stan.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, сот отырысы кезінде олар татуласқан. Бұрынғы әйелін балағаттаған ер адам одан кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, Орал тұрғыны «Вконтакте» желісі арқылы полицейлерге тіл тигізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде БҚО ІІД қызметкерлерінің жұмысы жөнінде жазылған ақпаратты оқыған тұрғын олардың шамына тиетін пікір жазған. Сот отырысы кезінде ол бар кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Сот шешімі бойынша, «Билік өкілдеріне тіл тигізу» бабыны сәйкес оған 50 АЕК (99 100 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Талқылау