Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жолаушылар автобусы тракторға соқтығысып, 6 адам зардап шекті

Орал қаласында жол апатының салдарынан 6 адам зардап шекті. Оқиғаға себепші – жолаушылар автобусы.

99c4fce719760b9a3693a78c8ed226e7

Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлаған.

«Оқиға орнынан түрлі жарақат алған алты адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында бір жасар қыз бар. Оның миы шайқалған», – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Басылымның хабарлауынша, оқыс оқиға жуырда орын алған. 22-ші бағыттағы автобус тракторға барып соқтығысқан. Трактор «Динамо» стансасы ауданы Жәңгір хан көшесіндегі екі сызықты жолақты тазалап жатқан. Оқиға салдарынан трактор аударылып кетті.

Жіберіп алмаңыз: 

Жол апатына себепкер болған полицей қазақстандықтардың жүрегін ауыртты

Алматыда 4 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты болды

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушының басы жұлынып кетті

Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)

Талқылау