Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жоғалып кеткен әйел адамның мүрдесі табылды

Бүгін таңертең Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауылынан 7-8 шақырым жерден бұдан екі күн бұрын жоғалып кеткен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

20170216125111

Аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушыл Нұрбол Нысановтың айтуынша, Қаратөбе ауданында екі адамның жоғалып кетуіне байланысты  бүгін таңмен Оралдан құтқарушылар келіп, іске кіріскен болатын. Кинологтарды қосқанда, құрамында 5 адам бар топ қаршанасымен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғалған ер адам әлі іздестірілуде.

Еске сала кетейік, аталған қос тұрғын Қаратөбеге барамыз деп, аудан орталығынан 14 шақырым жердегі Үркіш қыстағынан 14 ақпан күні таңертең шығып кеткен. Олардың жоғалғаны жөнінде хабар кеше таңертең түскен.

Жіберіп алмаңыз:

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Талқылау