Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жарылыстан зардап шеккендер өлім аузында жатыр

Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май бекетінде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр. Олардың бірі – бекеттің қызметкері болса, екіншісі – Қарақұдық ауылдық округі әкімінің жүргізушісі екен, – деп хабарлайды ктк арнасы.

0529da06d17b402aa0d8785caa6e25b7

Қазір тәртіп сақшылары осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Жарылыс кезінде зардап шеккен бекет қызметкері мен жүргізушінің екеуі де үшінші дәрежелі күйікпен ауруханада жатыр. Арнайы аппаратпен тыныс алып жатқан екеуі қатты уланған, сондай-ақ, денелерінің 75 және 95 пайызын күйік шалған. Еске сала кетейік, оқыс оқиға кеше түстен кейін Ақсай қаласынан шыға берісте болды. Әуелі бекеттегі қызметкерлер бөлмесі өртеніп, іле-шала сұйық отын құйылған екі цистерна жарылған еді. Ауыр жараланғандар қазір дәрігерлердің бақылауында.

«Бүгін комбустиолог және реаниматолог дәрігерлер санитарлық авиациямен жіберілді. Олар  зардап шегушілерге сол жерден қажетті көмекті көрсететін болады», – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының маманы Ғалия Құлмұқанова.

Талқылау