БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам тіл тартпай кетті (фото)

Жексенбі, 26 Қараша , 2017 15:07

Батыс Қазақстан облысында бүгін таңертең ірі жол апаты орын алып, төрт адам көз жұмды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: Мой Город

Батыс Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің сөзіне сәйкес, таңертең сағат 07:35-те апатты оқиға жөнінде хабар келіп түскен. «ВАЗ 2114» автокөлігі Орал-Ақсай жолының 68-шақырымында қарсы бетке шығып кеткен екен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «Фольксваген» автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан «ВАЗ 2114» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, Теректі ауданындағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстауда «Газель» мен тепловоз соғысуының себептері анықалып жатыр

Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Қостанай және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Алматы облысында жалғызбасты ана күйеу жігітін өлтірді деп күдіктеліп отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар