Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жағажайда жалаңаштанып билегендер қамауға алынды

Орал маңындағы жағажайда қатысушылары жалаңаштанған кештің ұйымдастырушылары қамауға алынды. Екі адамды ұстап, тағы бір адамға жазаны Бәйтерек ауданының әкімшілік соты тағайындайды. Сондай-ақ сотта бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушылардың жауапкершілік мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция Орал қаласының маңындағы жағажайдағы кештің үш белсенді қатысушысының жеке басын анықтай алған. Жастарға қатысты 434-баптың 1-бөлігі ("ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Іс БҚО Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотымен қаралды.

"28 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалса, 20 жастағы әйелге бес тәулікке қамау тағайындалды", – деп хабарлады БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта қоғамдық тәртіпті бұзу 18 шілдеде түнгі сағат екі шамасында "Ваниль жағалауы" жағажайында болғанын атап өтті. Жастар мас күйде болған және жалаңаштанған күйі би билеген.



Жағажай иелері мен жалға алушыларға қатысты хаттамалар толтырылды.

"Өңір “қызыл аймаққа"  кіреді және мұнда  адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынады. ЖК иелері үшін айыппұл 230 АЕК (670 910 теңге), ЖШС үшін – 310 АЕК (904 270 теңге)", – деп атап өтті БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жарияланды. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында айтты.

Талқылау